«Евровидение-2017»-нің барлық финалистері анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Евровидение» байқауының екінші жартылай финалының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Росбалт.

Ақтық сынға 10 елдің қатысушылары өтті: Болгария, Беларусь, Хорватия, Венгрия, Дания, Израиль, Румыния, Норвегия, Голландия, Аустрия.

Бұдан бұрын бірінші жартылай финалдың қорытындысы бойынша тағы 10 елдің өнерпаздары финалға жолдама алған болатын. Олар - Молдавия, Әзербайжан, Греция, Швеция, Португалия, Польша, Армения, Аустралия, Кипр және Бельгия.

Бұдан бөлек, ақтық бәсекеге жартылай финалда дәстүр бойынша жарысқа түспейтін бес елдің орындаушылары қатысады: Ұлыбритания, Италия, Испания, Франция және Германия, сондай-ақ өткен жылы жеңімпаз атанған ел - Украина.

«Евровидение» финалы 13 мамыр күні өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар