Еуровидение байқауына қатысқан әнші Сербияның ұлттық күні аясында Астанада өнер көрсетті

None
None
АСТАНА. Қазақпарат - «Еуровидение-2008» байқауының қатысушысы, сербтік белгілі әнші Елена Томашевич бүгін Сербияның ұлттық күнінің ашылуында өнер көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Салтанатты шара дәстүр бойынша Қазақстан мен Сербияның Әнұранының орындалуымен басталып, екі елдің Тулары көкке көтерілді. Осыдан кейін екі елдің делегацияларының өкілдері сөз сөйледі.

«Сербия халықаралық аренадағы Қазақстанның сенімді досы. Біз осы достықты бағалай отырып, екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға күш саламыз. Сербияның ұлттық күні мәдени қарым-қатынастарымызды күшейтеді деп сенемін», - деді ұлттық экономика вице-министрі Ернар Бакенов.

Бағдарламаның екінші күнінде Сербия туралы фильм көрсетілді. Сондай-ақ, сол елдің табиғи көркін паш еткен туындының тұсауы кесіліп, Сербияның туристік ұйымдарының өкілдері сөз сөйледі. Осыдан кейін жиынға қатысушылардың барлығы 2008 жылы «Евровидение» байқауында елінің намысын қорғап, «Oro» әнімен алтыншы орын иеленген Елена Томашевич пен виолончельде ойнаған Елена Михайловичтің өнерін тамашалады.

Сонымен қатар, «Иво Лола Рибар» Академиялық мәдени-шығармашылық бірлестігі ұлттық билерін орындады.

Айта кетейік, Елена Томашевич бүгін сағат 20:00-де өз тобымен ұлттық күн сахнасында ән шырқайтын болады. 

                                                                                                                           Аян Өрібай

Соңғы жаңалықтар