Еуропарламент комитеті Киев үшін визалардан бас тартуды мақұлдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропарламенттің Азаматтық бостандық, әділет және ішкі істер жөніндегі комитеті (LIBE) Еуроодақтың Украинаға визасыз режим ұсынуын қолдады, деп хабарлады РИА Новости.

Киевке визасыз режімді ұсыну бастамасын Еуропарламенттің басым көпшілігі дауыс беру арқылы бекітті.

Ол үшін 39 еуропарламентарий дауыс берсе, 4-уі қарсы шықты.

Енді бұл шешімді институт ретінде Еуропарламент мақұлдауы тиіс. Бұл қазан айында өтетін Страсбургтегі парламенттік сессияда жүзеге асады деп күтілуде.

Украина қашан визасыз режимге ие болатынын Еуропарламент айтпады. 

Соңғы жаңалықтар