Еуропарламент Қазақстанмен кеңейтілген серіктестік жөніндегі келісімді қолдады

None
None
СТРАСТУРГ. ҚазАқпарат - Бүгін Страсбургтегі пленарлық сессия барысында Еуропалық парламент Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің қорытындысына келісім берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

2015 жылдың 21 желтоқсанында Астанада қол қойылып, 2016 жылдың 1 мамырында уақытша қабылданған  Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге 654  қатысушының ішінен 511 депутат қолдау білдіріп, дауыс берді.

«Келісім Орталық Азияның маңызды мемлекетімен саяси және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға себепкер болады. Еуропалық Одақ Қазақстан үшін ірі инвестор әрі оның саудадағы маңызды серіктесі», - деді Еуропарламенттің кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім жөніндегі негізгі баяндамашысы Лииса Яаконсаари.

Жаңа келісім экономика мен саудадан жаппай жою және лаңкестік қарулардың таралуына қарсы әрекетке дейін, климаттық өзгерістер саласындағы, денсаулық сақтау, мемлекеттік қаржыны басқару және салық салу т.б. 29 сала бойынша ынтымақтастық байланыстарды қамтиды.

Өз кезегінде Еуропалық парламенттің Орталық Азия мемлекеттері делегациясының жетекшісі, ЕП-тің Латвиядағы депутаты Ивета Григуле қазіргі уақытта Еуропалық Одаққа мүше-мемлекеттердің 18-і (28-інің ішіндегі) кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық келісімін ратификациялағанын атап өтті.

Ол Қазақстанның Еуропалық парламенттің тұрақты әрі конструктивті серіктесі екеніне сенім білдірді. 

Соңғы жаңалықтар