Еуропарламент «брексит» туралы келіссөздерге наразы

None
None
СТРАСБУРГ. ҚазАқпарат - Еуропалық парламент депутаттары Ұлыбританияның ЕО-дан шығу туралы төрт раундты келіссөздердің нәтижесіне көңілі толмайтындарын білдірді.

Бұл туралы сейсенбі күні Страсбургтегі Еуропарламент сессиясында мақұлданған резолюцияда айтылады. 557 депутаттың 92-і қарсы дауыс берген және 29-ы қалыс қалған құжатта Лондон мен Брюссель консультациясы барысында ЕО басымдылығы бойынша «жеткіліксіз прогресс» деп көрсетілген.

Тараптар үш маңызды тақырып бойынша келісе алмай жатыр: Еуропалық Одақ пен Ұлыбритания азаматтарының құқықтарын қорғау, Лондонның ЕО алдындағы қаржылық міндеттемелерін растауы және Ирландия мен Солтүстік Ирландия арасындағы шекаралық мәселені шешу.

Резолюция Брюссельдегі қазан саммитінде ЕО басшыларына Ұлыбританиямен келіссөздердің екінші кезеңінің басталуы туралы шешім қабылдауға кеңес береді, оның ішінде сауда мәселелері де бар.

Соңғы жаңалықтар