Еуропаға Қазақстан арқылы 100 мың контейнер тасымалданды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы 8 айда Қытайдан Қазақстан аумағы арқылы Еуропа елдеріне тасымалдар 100 мың контейнерге жетті. Бұл туралы ҚР ИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы 2 жыл ішінде Қытай Халық Республикасынан Қазақстан аумағы арқылы Еуропа елдеріне контейнерлік тасымалдар көлемі 2 есе артты. Биылғы 8 айда оның көлемі 100 мың контейнерге жетті. Салыстыра кетсек, 2016 жылдың 8 айы ішінде 56 мың контейнер тасымалданған болатын», - дейді Д. Потлов Инвестициялар және даму министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ведомство мәліметіне қарағанда, жалпы алғанда тасымалдар көлемін арттыру үшін контейнерлерді тасымалдауға арналған 17 мың платформа вагондарын сатып алу қажет.

«Қазіргі кезде контейнерлік тасымалдар үшін қосымша фитингтік платформаларды алу мәселесі қарастырылып жатыр. Шамамен  10 мыңнан аста платформа қажет. Алайда бұл вагондарды бірден сатып алынбайды, яғни олар 2020 жылға дейін кезең-кезеңмен жеткізіледі», - деп түсіндірді ҚР ИДМ өкілі.

Белгілі болғандай, транзиттік контейнерлік тасымалдар үшін 3 103 вагон шығару жөнінде шарттар бекітілді. Оның ішінде 1 029-ы пайдалануға берілді.

Соңғы жаңалықтар