Еуропа чемпионаты-2019: Іріктеу турнирінің ойындарына шақырту алған футболшылар
Қазан айынның басында Қазақстан жастар құрамасының 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің аясында Болгария құрамасымен екі ойын өткізеді.
Алғашқы ойынды Болгария қабылдайды. Кездесу 6 қазан күні Старо-Загора қаласындағы «Трейс Арена» стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 21:30-да басталады. Төрт күннен кейін екі ұжым Астанада жолығады. 10 қазан күні «Астана Аренада» өтетін ойынның басталатын уақыты 19:00-ге жоспарланған.
Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Владимир Никитенко екі ойында мына футболшыларға үміт артпақ.
Қақпашылар: Дмитрий Колбунцов («Жетісу»), Тимурбек Закиров («Қызыл-Жар СК»), Сұлтан Бұсырманов («Тобыл»);
Қорғаушылар: Дәурен Мәжитов («Атырау»), Айбол Әбікен, Александр Соколенко, Ескендір Қыбырай (барлығы - «Қайрат»), Сұлтан Әбілғазы («Оқжетпес»), Бекзат Шадманов («Тараз»), Руслан Әлімбаев («Шахтер»), Карам Сұлтанов («Қызыл-Жар СК»);
Жартылай қорғаушылар: Дидар Жалмұқан («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Тараз»), Геворг Наджарян («Шахтер»), Юрий Перцух («Ақжайық»), Қуаныш Қалмұратов («Атырау»), Демият Сламбеков («Жетісу»), Рашид Люхай, Рамазан Оразов (екеуі де - «Қайрат»);
Шабуылшылар: Максим Федин («Оқжетпес»), Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Еркебұлан Сейдахмет («Тараз»), Самат Сәрсенов, Акмаль Бақтияров (екеуі де - «Қайрат»); қорғаушылар- Айбол Жахаев («Қайсар»), Максим Чалкин («Рузаевка»), Әлібек Қасым («Қайрат»), жартылай қорғаушылар - Иван Антипов («Ақжайық»), Артем Попов («Ертіс»), Әділет Әбденәби («Жетісу»), шабуылшылар - Темірлан Әміров (СДЮШОР №7), Артем Шушеначев («Қайрат»).
Жаттықтырушылар штабы: Владимир Никитенко - аға жаттықтырушы, Юрий Коньков - аға жаттықтырушының көмекшісі, Николай Родионов - қақпашылардың жаттықтырушысы, Александр Брейткрейц - менеджер, Мұзаффар Абдулсатаров - әкімші, Петр Пустовар - дәрігер, Александр Корнилов - массажист, Тимур Құсайынов - сарапшы.