Еуроодақтың дипломаттары Наурыз мейрамымен құттықтады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропаның сыртқы іс-қимыл қызметі барша халықты көктемгі мереке - Наурыз мейрамымен құттықтады. Бұл туралы Еуроодақтың дипломаттары Туиттердегі парақшасында жазды.

«Наурызды мерекелейтіндерге бар жақсылықты тілейміз!» (Best wishes to all celebrating #Nowruz today! #nowruzmobarak), - деп жазды Еуропаның сыртқы іс-қимыл қызметі келте блогында.

Бұған дейін қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол  мен Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Кэролин Браун қазақша құттықтаған болатын. Сондай-ақ Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдода осы мейрамды атап өтетіндерге ізгі ниетін жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар