Еуроодақта ең көп ВИЧ инфекциясын жұқтырған ел белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуроодақ бойынша ВИЧ жұқтырғандар санының ең жоғары деңгейі Латвияда тіркелді, деді журналистерге Балтық Вич-қауымдастығының басшысы Инга Упмаце. Бұл туралы Риа новости хабарлады. 

«Латвияда иммун тапшылығы вирусын жұқтырған жаңа жағдайлар саны Эстониядағы көрсеткіштен асып түсті және бұл ЕО-дағы елдер арасында ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Аурудың алдын алу және бақылау орталығының деректеріне сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Латвияда індетті жұқтырған 6 972 адам тіркелген», - деді Упмаце.

Оның айтуынша, мұндай статистика Латвия үшін алаңдатарлық жағдай.

«Бұл проблемамен барлық мемлекеттік ұйымдардың бірігіп күресу қажеттігін көрсетеді. Жұртшылықты хабардар етіп қана қоймай, оларға өзінің ВИЧ-мәртебесін тексеруді ұсыну қажет. Жұқтырған адам вирусқа қарсы терапиядан өтуі тіис», - деді басшы.

Соңғы жаңалықтар