Еуроодақ Сирия бойынша Астанадағы келіссөздерді қолдайды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық одақ алда Астанада өткелі отырған сирияішілік келіссөздерді қолдайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі ЕО-ның шетелдік істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерики Могеринидің мәлімдемесіне сілтеме жасап..

«Еуропалық одақ Сирияны жаңа бітімгерлікке шақырғандардың бірі болды. Осы орайда жаңа жылдың алдында  атысты тоқтату жөніндегі Келісімге қол жеткізуді тек қана қолдау қажет»,-деп жазды Могерини.

Оның сөзіне қарағанда, бітімге келуді  тараптардың бәрі толықтай сақтауы өте маңызды. Еуропалық дипломатия басшысы тыныштықты толықтай  сақтау гуманитарлық көмекті қажет ететіндерге жол ашатындығын атап өтті. «Егер оқ атуды тоқтату жөніндегі  Келісім табысты орындалатын болса, онда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бекіткен БҰҰ аясында сирияішілік келіссөзді жалғастыруға жол ашылар еді»,-деп есептейді Федерика Могерини.

«Біз өзге халықаралық ойыншылардың кез келген қадамдарын қолдаймыз.  Мысалы, Астанада өткізілуі жарияланған кездесу. Егер ол жан-жақты және БҰҰ аясында Женевада сирияішілік  келіссөзді толыққанды қайта жалғастыруға бағытталатын болса»,-делінген мәлімдемеде. 

Соңғы жаңалықтар