ЕУРО-2018: Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы іріктеу сынында Словениядан жеңіліп қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жастар құрамасы ЕУРО-2018 іріктеу сынында Словениядан жеңіліп қалды, деп жазады Sports.kz.

Жерлестеріміз 1:0 есебімен есе жіберді. Ойындағы жалғыз голдың авторы - Ник Прелец (22-минут).

6 топтың екінші ойынында Франция Беларусьті жеңді - 3:1.

Осылайша екі ойын нәтижесі бойынша Қазақстандық жастар соңғы орында тұр.

25 қазан күні өтетін соңғы ойында Франция Словениямен, Қазақстан Беларусьпен кездеседі.

Екі ойыннан кейінгі командалар ұпайы:  Франция - 6 ұпай, Словения - 6, Беларусь - 0, Қазақстан - 0.

Турнир ережесі бойынша элиталық раундқа әр топтың алғашқы екі командасы және үшінші орын алған командалардың төртеуі өтеді.

Еурпа чемпионатының финалдық кезеңі 2018 жылдың 4-20 мамыр аралығында Англияда өтеді. 

Соңғы жаңалықтар