Еуразиялық үкіметаралық кеңесінде кедендік кодексі туралы шарт жобасы талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Минскке жұмыс сапары аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты.

Отырыс барысында қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақтың 2017 жылға арналған бюджетін, ЕАЭО Кедендік кодексі туралы шарт жобасын, ЕАЭО мүше мемлекеттердегі тауарлардың қадағалану шараларын, Еуразиялық экономикалық комиссияның халықаралық қызметін, сонымен қатар, бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерді талқылады.

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев отырыста Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара әрекеттесудің өзекті мәселелерінің ауқымды спектрі талқыланып, интеграциялық бірлестікті әрі қарай дамытудың жолдары белгіленгенін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар көпжақты құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде, Вьетнаммен Еркін сауда аймағы туралы шартқа қол қойылған. Шамамен 40 мемлекет қызығушылық танытты.

 

Соңғы жаңалықтар