«Еуразия» кинофестивалінің бас жүлдесін «Оралман» картинасы жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада XIII «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне және фестивальдің жабылу салтанатына келген отандық және шетелдік кино жұлдыздары, қазылар алқасы, фестиваль үміткерлері және өзге де танымал тұлғалар қызыл кілем үстінде жүріп өтті.

null null null null null null 

Үздік туындылар сегіз негізгі номинация бойынша анықталды. НЕТПАК ұйымының арнайы сыйлығы қырғызстандық режиссер Ақтан Арым Құбаттың «Кентавр» фильміне берілді. ФИПРЕССИ (Халықаралық кинопресса федерациясы) сыйлығын ресейлік Борис Хлебниковтың «Аритмия» фильмі жеңіп алды. Одан бөлек, «Үздік қысқа метражды фильм» қосымша номинациясы бойынша Шабыт университетінің биылғы түлегі Мейіржан Сандыбайдың «Ит» мультфильмі үздік деп танылды. Фестивальдің басты ақпараттық серіктесі «Хабар» арнасының жүлдесі «Еще один день» (Қазақстан) кинокартинасына берілді.

null null null null 

 «Үздік ер адам бейнесі» номинациясына әзербайжандық актер Құрбан Исламов лайық деп танылды. Ол «Гранатовый сад» фильмінде (Әзербайжан) басты рөлді сомдаған еді. Сондай-ақ, бұл фильм Қазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болды. Қазылар алқасының екінші сыйлығы «Путевая станция» фильміне (Вьетнам) берілді. Ал «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясы бойынша қырғызстандық «Кентавр» фильмі жеңімпаз атанды.«Үздік әйел адам бейнесі» үшін XIII "Еуразия" халықаралық кинофестивалінің жүлдесі «Моя счастливая семья» фильмінің (Грузия) актрисасы Ия Шуглиашвилиге берілді.

null null null null null null null null null 

Фестивальдің бас жүлдесін қазақстандық режиссер Сәбит Құрманбектің «Оралман» картинасы жеңіп алды. Ауғанстаннан өздерінің тарихи отаны Қазақстанға көшіп келген отбасының оқиғасы баяндалатын бұл фильм сәуір айында Иранда өткен халықаралық «Фаджр» кинофестивалінде «Азияның үздік фильмі» жүлдесін алған. 

Сонымен бірге, салтанатты кеш барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Америкадан арнайы келген Голливуд актері  Джон Малковичке «Киноиндустрияны дамытуға қосқан үлесі үшін» марапатын табыстады.  Шара соңында көрермендерге танымал франциялық режиссер Люк Бессонның «Валериан және мың ғаламшар қаласы» фильмі қазақ тілінде көрсетілді.

null

null null null 

Еске сала кетсек, XIII «Еуразия» халықаралық  кинофестивалі Қазақстан астанасында 22-28 шілде аралығында өтті. Кинофестивальге голливудтық жұлдыздар Эдриан Броуди, Николас Кейдж, Джон Малкович және ТМД елдерінің режиссерлері мен кино майталмандары келді. 

Соңғы жаңалықтар