«Еуразия Барысының» финалына кімдер шыққаны белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ күресінен Алматыда өтіп жатқан «Еуразия Барысы» турнирінде Қазақстанның бірінші құрамасы да финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар жартылай финалда Жапония елінен келген балуандарды 8:0 есебімен ойсырата ұтып, финалға жолдама алды. Енді «Қазақстан 1» құрамасы мен Алматы облысынан құралған «Қазақстан 2» командалары финалда бас жүлдені сарапқа салады.

Ал Өзбекстан құрамасы мен Жапония балуандары үздік үшінші орынға таласады.

Естеріңізге сала кетейік, аталған додада Бразилия, Жапония, Камерун, Грузия, Моңғолия, Түркия, Өзбекстан және Қазақстан балуандары өзара командалық сында бақ сынап жатыр. Айта кетейік, қазақ балуандары жарысты ұйымдастырушы ел ретінде екі құраммен өнер көрсетуде.

Осылардың арасынан Бразилия, Камерун, Грузия, Моңғолия және  Түркия балуандары жүлделі орынға жетпей жарыс жолынан шығып қалды.

Соңғы жаңалықтар