«Еуразия барысы»: Қазақстан құрамасы Польша балуандарын 7:0 есебімен жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылып жатқан халықаралық «Еуразия барысы» турнирінде екінші болып жарыс жолына шыққан Қазақстан балуандары Польша құрамасын 7:0 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Грузия балуандары өзбекстандық қарсыластарын 6:2 есебімен ұтып, келесі айналымға жолдама алған болатын.

Бұл бәсекеде 55 келіде - Марат Нығыматұллаев, 60 келіде - Ержан Мағауинов, 66 келіде - Бақдәулет Сәбитов, 74 келіде - Aйдос Ғалымов, 82 келіде - Дәулет Пахриддинов, 90 келіде - Айбол Айтбек, 100 келіде - Мұхит Тұрсынов, + 100 келіде Айбек Нұғымаровтар ел намысын қорғап жатыр.

Қазір жарыс алаңына Тәжікстан балуандары мен Моңғолия балуандары шықты.

Соңғы жаңалықтар