«Еуразия Барысы»: Ең ауыр салмақтағы балуан белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ күресінен «Еуразия Барысы» турниріне қатысатын балуандар арасындағы ең ауыр балуан белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Алматыда «Еуразия Барысы» турниріне қатысатын балуандар салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Шара барысында ең ауыр Моңғолиядан келген Даваням Алтангэрээл болып шықты. Оның салмағы 138,6 келі тартты. Ал қазақ балуандары арасында ең ауыр салмақты Айбек Нұғымаров көрсетті. Оның таразыдағы таза салмағы 135,6 келі болды.

Биыл турнирге бірінші рет Бразилия, Жапония және Камерун елінің балуандары қатысады. Қазақстан құрамасы болса 2 құраммен шығады. Жеңімпаз он миллион теңге алады. Екінші орын алған құрамаға алты миллион, үшінші орынға төрт миллион теңге беріледі. Балуандар 16 желтоқсан күні «Алматы Арена» спорт кешенінде сегіз салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Соңғы жаңалықтар