«Еуразия Барысы»: Бірінші құрамамыз Моңғолия балуандарын әупірімдеп жүріп әрең ұтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ күресінен Алматыда өтіп жатқан «Еуразия Барысы» турнирінде Қазақстанның бірінші құрамасы Моңғолияны балуандарын ұтты, деп хабарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеңісті командаластарына аса ауыр салмақтағы төрт дүркін әлем чемпионы Айбек Нұғымаров сыйлады.

Олай дейтініміз Нұғымаровқа дейінгі алғашқы жеті салмақта қазақ балуандары мен Монғолия балуандары алма кезек жеңіске жетіп, 100 келіге  дейінгі салмақта Асыл Бәрменов қарсыласына жол беріп, Монғолия балуандары алға шығып кеткен болатын. Аса ауыр салмақта сынға түскен Нұғымаров есепті теңестіріп қана қоймай Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады. Есеп тең болған жағдайда, аса ауыр салмақта қай елдің балуандары жеңіске жетсе, сол елге жеңіс бұйырады.

Естеріңізге сала кетейік, аталған додада Бразилия, Жапония, Камерун, Грузия, Моңғолия, Түркия, Өзбекстан және Қазақстан балуандары өзара командалық сында бақ сынап жатыр. Айта кетейік, қазақ балуандары жарысты ұйымдастырушы ел ретінде екі құраммен өнер көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар