Есту қабілеті нашар спортшы Əлем чемпионатында екі алтын медаль алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Есту қабілеті нашар ақмолалық спортшы Венгрияда өткен Əлем чемпионатында екі алтын» медальға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Будапешт қаласында əлемнің 52 елінен келген 1200 спортшының қатысуымен армрестлингтен əлем чемпионаты өтті. Онда атлеттер мен параатлеттер күш сынасты.

Оның ішінде есту қабілеті нашар жерлесіміз Андрей Путинцев 100 келіден жоғары салмақта оң жəне сол қолымен көтеру бойынша армрестлингтен əлем чемпионы атанды.

Андрейдің жаттықтырушысы Илья Ильиннің айтуынша, финалда ақмолалық салмағы 146 келі ресейлік спортшымен бірінші орынға таласты.

Сонымен қатар, есту қабілеті нашар тағы бір жерлесіміз, көкшетаулық Дмитрий Шуба 60 келі салмақта қол жүлдегер атанды.

Қос спортшы да мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Мерген» спорт клубында жаттығуда.

null

Соңғы жаңалықтар