Эстонияда президент сайлауы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстонияда сенбіде сайлаушылар алқасында президент сайлауы өтеді. «Интерфакске» хабарлағандай, Республикалық сайлау комиссиясында сайлауға қатысу үшін бес үміткер тіркелді.

Мемлекет басшысының орнына  Реформ жетекші басқарушы партиясының құрметті төрағасы Сиим Каллас (Siim Kallas), Орталықтың ірі оппозициялық партиясының вице-төрағасы, парламент депутаты Майлис Репс (Mailis Reps), бұрынғы сыртқы істер министрі Марина Кальюранд (Marina Kaljurand), оппозициялық парламенттік партия төрағасы Март Хельме (Mart Helme) және адвокат Аллар Йыкс (Allar Joks) үміткер.

Конституцияға сәйкес президент  Эстония азаматы, жасы 40-тан кем болмауы тиіс. Сайлауға  қатысқан алқа мүшелерінің басым бөлігі дауыс берген үміткер болуы қажет.

Бұрынғы президент Тоомас Хендрик Ильвес (Toomas Hendrik Ilves) орында екі бесжылдық мерзім жұмыс істеді. Енді бұл лауазымға өзін ұсына алмайды.

Соңғы жаңалықтар