Эстонияда орысша шығатын соңғы мерзімді басылымдар жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстонии орыс тілінде шығатын «День за днем» және Postimees («Почтальон») басылымдары жабылды. Бұл туралы newsru.com хабарлайды.

Олар оқырмандар саны күрт төмендеп және жарнама берілмеген соң осындай қадамға барған. Бейсенбіде Postimees басылымы өзінің жабылғанын жария етіп, алдағы уақытта ғаламтордағы үш порталды қолға алатынын мәлімдеді.

«Соңғы жылдары Эстонияда шығатын барлық орыс тілді газеттердің оқырмандары мен жазылушылары күрт азайды. Алайда орысша шығатын онлайн басылымдардың оқырмандары артуда», - деп мәлім етті AS Postimees Grupp басқармасының төрағасы Пеэп Кала.

Оның айтуынша, осы себепті ғаламтордағы жаңалық порталдарына инвестиция салуға шешім қабылданды.

AS Postimees Grupp балтық елдеріндегі үш концерннің бірі - Eesti Meedia құрамына кіреді. Акционерлік қоғам Postimees көне эстондық газетін және бірқатар өңірлік газеттер мен жаңалық порталдарын шығарады.

Эстониядағы 1,3 миллион тұрғынның 29%-ы орыс тілін ана тілі санайды. Елде осы тілді меңгергендер үлесі  72% шамасында.

Соңғы жаңалықтар