Эстония басшысы президент сайлауын 3 қазан күні өткізуді ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстония президенті Тоомас Хендрик Ильвес ел парламентіне мемлекет басшысының сайлауын 3-ші қазан күні өткізу туралы жедел мәжіліске жиналуды ұсынды.

Сайлаушылар алқасы сенбі күні Эстония президентін дауыс берудің бірінші және екінші кезеңдерінде сайлай алмады. Өйткені, кандидаттардың бірі жеңіске жету үшін қажетті дауысты жинай алған жоқ. Енді 14 күннің ішінде парламенттің кезектен тыс мәжілісі шақырылуы керек. Сөйтіп, сайлау үдерісі қайта басталады.

Президенттің сөзінше, парламент өкілдеріне 3-қазан күні жаңа мемлекет басшысын сайлау үшін шұғыл жиынға келуі керек. «Мен сайлауға қатысқан кандидаттардың барлығына алғысымды білдіремін. Өкінішке орай, олардың ешқайсысы сайлау алқасын қоса алғанда қалың көпшілік тарапынан қажетті қолдау таба алмады. Осылайша, жағдай енді жаңа кандиттарды қажет етіп отыр. Мен осы жолы парламент Эстонияның кезекті басшысын таңдайды деген үміттемін»,-деді деп келтіреді Ильвестің сөзін президент кеңсесінің өкілдері.

Ильвестің өкілеттілігі 2016 жылдың қарашасында аяқталады. Ол президент лауазымына екі рет сайланды. Конституция талаптары бойынша ол  үшінші рет сайлана алмайды.

Соңғы жаңалықтар