ЕСКЕРТУ: Елордада 8 -9 желтоқсан күндері боран соғып, жел екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Қазгидромет орталығы» мамандарының хабарлауынша, 8-9 желтоқсан күндері Астанада және Ақмола облысының аумағында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына15-20 метрге, кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді.

Осы орайда шұғыл әрекет ету қызметтері ескерту таратты, деп хабарлайды astana.kz. Жолдың нашар көрінуіне байланысты Астана - Көкшетау тас жолы жабылды.

8 желтоқсан күні Астанада көшпелі бұлт шығады, оқтын-оқтын қар жауады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 12-14°С суық, күндіз  5-7°С.

9 желтоқсанда елордада күн бұлтты, оқтын-оқтын қар жауады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -13...-15°С, күндіз -8...-10°С.

10 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, оқтын-оқтын қар жауады, боран тұрады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, кейде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Термометр бағаны түнде -18...-20°С, күндіз -8...-10°С дейін төмендейді.

Астана ТЖД мамандары елорда тұрғындары мен қонақтарына алыс сапарға шықпауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар