Ескерту: Алдағы күндері Ақмола облысында көктайғақ, боран болуы мүмкін

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында  алдағы екі күн бойы дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК сілтеме жасап.

«23-24 наурыз күндері Ақмола облысы аумағында көктайғақ, боран болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде түнде 15-20 м/с, күндіз басым аймақтарда 15-20 м/с-тан 23-28-ге дейін жетеді", деп көрсетілген хабарламада.

Сонымен қатар, дауылды ескерту Астана қаласында да жарияланды. Осыған дейін хабарланғандай, ел астанасында 23-24 наурыз күндері желдің екпіні артып, көктайғақ болады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар