Есірткінің ауыр түрін сатқан екі талдықорғандық ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Есірктінің ауыр түрін сатты деген күдікпен екі талдықорғандық ұсталды. Олар 1979 және 1980 жылы туған облыс орталығының тұрғындары, деп хабарлады Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметінде.

«Күдіктілер есірткінің ауыр түріне жататын «ацетилденген апиынды» сату кезінде ұсталған. Қазір факті бойынша ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 297-бабында көзделген қылмыстық тергеу басталды», - деп хабарлады облыстың ІІД-де.

Облыстық полицияда жыл басынан бастап өңірде  есірткі сатқан 65 адам ұсталғанын атап өтті. Есірткінің сатумен, таратумен айналысатын 6 қылмыстық топтың қызметі залалсыздандырылды.

Соңғы жаңалықтар