Есірткіні өз еркімен өткізген елордалық айыппұлмен құтылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Алматы ауданының №2 сотында ҚР ҚК 296-бабы, 2-бөлімі бойынша айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Алматы ауданының №2 сотында ҚР ҚК 296-бабы, 2-бөлімі бойынша айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Сот барысында анықталғандай, 2016 жылдың 14 тамызында Қошқарбаев және Жұмабаев көшелерінің қиылысында жол-патрульдік полициясы қызметкерлері айыпталушы азаматты жете тексеру барысында, ол құқық қорғау өкілдеріне жалпы салмағы 1,5086 грамм болатын есірткі заты - марихуананы өз еркімен тапсырған. Айыпталушы есірткі затын сатуға емес, өзіне пайдалану үшін сақтаған», - делінген Астана қалалық сотының ресми сайтында.

Сот үкімімен оған 40 айлық-есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Үкім заңды күшіне енді. 

Соңғы жаңалықтар