Есілдің терең жерінде шомылу қауіпті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Астана тұрғындары мен қонақтарына ашық су қоймаларында шомылу кезінде аса абай болуға кеңес береді, деп жазады astana.gov.kz сайты.

Терең жерлерде су әлі салқын.  Сондай-ақ, мамандар алкогольді ішімдік ішіп суға түсу, үлкендердің қарауынсыз балаларды суға жіберу өте қауіпті екенін еске салады.

Арнайы жабдықталған, рұқсат етілген жерлерде ғана шомылған абзал. Тап сол жерлерде күн сайын сағат 8:00-ден 22:00-ге дейін құтқару қызметі жұмыс істейді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына қалалық жағажайда демалуға мүмкіндік мол. Астанадағы жалғыз жағажай - Тұран 2/1 даңғылында. Құтқарушылар Есіл өзеніндегі суда шомылу еш қауіпті емес екенін айтады: сүңгуірлер шомылатын орындарды күн сайын тазалайды. 

Соңғы жаңалықтар