Есіл өзеніндегі мұз үстінен балықшылардың 5 шатыры алынып тасталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада құтқарушылар мұзы толық қатпаған Есіл үстінде жүрген балықшыларға ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда инфоға сілтеме жасап.  

Астаналық құтқарушылар қала тұрғындарын Есіл өзенінің толықтай қатып үлгермеген мұздың қауіп-қатерінен сақтау мақсатында арнайы рейд ұйымдастырды. Себебі, кейбір жергілікті тұрғындар, яғни балық аулаушылар жұқа мұз үстіне шатырларын тігіп, балық аулауға кірісіп кеткен. Рейд барысында 26 балықшы мен 12 азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шараны ТЖД және жергілікті полиция қызметкерлері және құтқарушылармен бірлесіп өткізді.

«Қазіргі таңда қаладағы балықшылар «Radisson» қонақ үй аймағында мұз үстіне шатырларды көптеп тігеді. Кей учаскелерде балықшылар саны жиырмаға дейін жетеді, олар кей жерлерде мұзды 7 жерден тескен. Құтқарушылар балықшылар мұз астына түсіп кету қаупі бар екендігіне алаңдаулы. Мұнымен қоса, балықшыларда құтқару желеттері жоқ», - делінген қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, қауіпті орындардан 5 шатыр алынып тасталған. 

Соңғы жаңалықтар