Есіл ауданының әкімі ауысты - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін аймақ Мәлік Мырзалин ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және аудандық мәслихат депутаттарының қолдауы негізінде ротациялау тәртібімен Есіл ауданының әкімі қызметіне Талғат Ерсейітовты тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талғат Аманбайұлы 1974 жылы Ақмола облысы, Астрахань ауданында туған. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Ақмола аграрлық университеті, Астана қаласындағы басқару институтын бітірген. Білімі жоғары. Еңбек жолын Астрахан ауданы әкімдігінде маман болып бастаған.

1997-2007 жылдар аралығында Астрахан аудандық салық комитетінде, 2007 жылы аудандық мәслихат хатшысы болып тағайындалып, жауапты қызметтерді атқарған.

2009-2012 жылдары Астрахан ауданы әкімінің орынбасары, 2012 жылдан бері Астрахан ауданының әкімі лауазымын атқарды. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Аймақ басшысы, жаңа тағайындалған аудан әкімінің басқару ісінде мол тәжірибесі бар екенін алға тартып, Талғат Ерсейітов пен аудан активі алдында бірқатар міндеттер жүктеді.

Соңғы жаңалықтар