Есіл ауданында «Туған жер» бағдарламасы бойынша 12 жоба жүзеге асырылуда - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Есіл ауданында «Туған жер» бағдарламасы бойынша жалпы құны 380 миллион теңгеге 12 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы аймақ басшысы Мəлік Мырзалиннің ауданға жұмыс сапары барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауданға сапары барысында аймақ басшысы Есіл қаласында салынып жатқан жылу қазандығының құрылысына назар аударды. Жоба құны 6,9 миллиард теңгені құрайды. Нысанды келер жылдың күзінде іске қосу жоспарланған. Сол кезде аудан орталығындағы тұрғын үйлер мен əлеуметтік нысандардың 85 пайызы жылумен қамтамасыз етілмек.

Одан əрі аймақ басшысы «А*Star» қонақ үй мейрамхана кешені, аудандық аурухана, мәдениет үйі жəне агротехникалық колледжде болды. Дуалды оқыту жүйесін меңгерген білім ордасында 156 бала білім алуда. Студенттер колледж қабырғасында білім алып қана қоймай 40 астам кəсіпорында теориялық білімдерін тəжірибемен ұштастыруда.

Ауданда «Туған жер» бағдарламасы да қолдау табуда. Мəселен, «Ново-Приречное» ЖШС-ның басшысы  Валерий Тюркин жыл соңына дейін Юбилейный ауылында 160 тұрғын үйге газ құбырын тартуға, ауыл ішілік 3,5 жол жөндеуге жəне 2 тұрғын үй салуға уəде етті. Осы мақсатта серіктестік өз қалтасынан 270 миллион теңге қаржы салуды көздеп отыр.
Ал, Уəлихан Əріпов жетекшілік ететін «Заречный» ЖШС 110 миллион теңгеге келер жылдың соңына дейін Заречное ауылындағы әлеуметтік нысандарды жаңғыртуды қолға алмақ.
«Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан жұмыссыздарды еңбекпен қамтамасыз етуде барлық жағдай жасалынған. Облыс бойынша жыл соңына дейін Есіл агротехникалық колледжіндегі тәрізді еңбек нарығында сұраныс жоғары кəсіби мамандықтар бойынша 6 мыңнан астам адам курстан өтеді», - деді аймақ басшысы. 

Соңғы жаңалықтар