Есік қаласында атыс болып, полиция қызметкері көз жұмды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Есік қаласында атыс болып, полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«8 мамыр күні оқ тиген екі адам Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына түсті. Біреуі Еңбекшіқазақ ауданының полиция қызметкері. 31 жастағы азамат мамырдың 11 күні қайтыс болды. Екінші адам ауруханада жатыр. 1985 жылғы науқастың жағдайы қалыпты», - деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Қанды оқиға жайлы облыстық Ішкі істер департаменті әзірге пікір білдірмеді. Бірақ бейресми мәліметке қарағанда, 1986 және 1989 жылғы азаматтар арасында кикілжің туып, арты атысқа ұласқан. Оқ аңшы мылтығынан атылды деген ақпарат бар.

Соңғы жаңалықтар