Ертістегі ескі көпірмен өтетін жүк көліктеріне айыппұл салынады - Павлодар

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ертіс өзені арқылы Павлодар және Ақсу қалаларын байланыстыратын ескі көпір арқылы жүк көліктері өткен жағдайда 3 АЕК (7215 теңге) көлемінде айыппұл салынады. 

Бұл туралы  жол-патрульдік полициясының взвод командирі Сәбит Естай айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Бүгінгі күнге дейін қанша жүк көлігі бұл ережені сақтамағаны әзірге беймәлім. Дегенмен арнайы базаға сол көпір арқылы өткен жүргізушілердің аты-жөндері мен қандай бағытта өткені тіркеледі. Олардың нақты саны белгісіз», - дейді Сәбит Естай.

 «Қазавтожол» ҰК АҚ ПОФ директорының орынбасары Ақылбек Қабылдинның айтуынша, ескі көпір арқылы салмағы 10 тоннадан асатын жүк көліктерінің өтуіне 2017 жылдың 20 желтоқсанынан бастап тыйым салынған. Инженерлік құрылыстың екі жағынан да ескерту белгілері қойылған. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жоба дайындалу үстінде. Бұл жұмыстар 2019-2020 жылдарға жоспарланған.

 Еске сала кетейік, соңғы рет ескі көпірге 2004 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Осыған сәйкес тек қана жеңіл көліктердің өтуіне рұқсат берілетін болған. Жалпы, бұл нысан апаттық жағдайда деп бағаланған. 

Соңғы жаңалықтар