Ертіс пен Іле суын бөлу туралы Қытаймен келісім әзірленуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертіс пен Іле өзендерінің суын бөлу туралы ҚХР-мен келісім жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Мәжілісте трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2014 жылдан бастап қазақстандық-қытайлық трансшекаралық өзендердің барлық бассейні бойынша су ресурстарын бағалау тұрғысында тараптармен бірлескен зерттеулер жүріп жатыр. Қазіргі уақытты осы тақырып аясында тараптардың сарапшылары бірлескен есепті тәмамдауға жақындады», - деді А. Евниев.

Атап айтқанда, Қазақстан экономикасы салалары мен аталған өзендер бассейндері экожүйесі қажеттіліктерін ескере отырып, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын бөлу туралы ҚХР-мен Келісім жобасын әзірлеу мен келісу бағытында жұмыс тобы бар.

Құжат жобасының келісілген құрылымы 31 бапты қамтып отыр, оның ішінде алтауы бойынша уағдаластық бар, ал кейбірі ішінара келісілді. Жұмыс тобының кезекті алтыншы отырысы биылғы сәуірге жоспарланған.

А. Евниевтің атап өтуінше, 2016 жылы География институты трансшекаралық өзердерде су бөлу әдістемесін даярлады. Аталған әдістеме трансшекаралық өзендер ресурстары үлесін айқындауға байланысты су бөлу келіссөздерінде елдің мүддесін сай келетін талаптарды қоюға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар