Ертіс өзенінен 12 жастағы баланың денесі табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар ауданының Новоямышева ауылында Ертіс өзенінен 12 жастағы ұл баланың денесі табылды. 

Бұл туралы Павлодар облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы мәлім етті, деп хабарлады pavlodarnews.kz .

 "Кеше Новоямышева ауылындағы Ертіс өзенінен 2005 жылы туған ұл баланың денесі табылды. Белгілі болғандай, ол 21шілде күні өзеннің тыйым салынған бөлігінде шомылып, суға батып кеткен. Денені судан алып шығу үшін Жедел құтқару жасағының екі құтқарушысы мен бір қайық жұмылдырылды", - деді ТЖД мамандары. 

Соңғы жаңалықтар