Ертіс өзенінде табиғатты қорғау мақсатында су жіберу басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында су тасқынының екінші кезеңі басталды. Енді табиғатты қорғау мақсатында Ертістің жоғарғы каскадынан су жіберу жұмыстары жүргізілуде.

Павлодар облысы ТЖР ТЖ алдын алу бөлімінде ТЖД жедел қызметі тәулік бойы режімде жүргізіліп жатқан су жіберу барысын бақылауда. Кестеге сәйкес су қоймасының Ертіс каскадынан су жіберуге дайындық 10-13 сәуір аралығында жүргізіліп, 18-і басталды.

Су жіберу 7 мамырда аяқталады деп жоспарланған. Биыл жалпы су жіберу көлемі 6,47 текше шақырым, бұл соңғы жылдармен салыстырғанда, екі есеге жоғары.

18-26 сәуір аралығында судың көп бөлігі ағызылады (секундына 3 500 текше метр). Қазіргі уақытта күн сайын секундына 3 500 текше метр су ағызылуда.

Қалалар мен аудандардың төтенше қызметтердің мамандары Ертіс өзені алқабына мал жібермеу жайында жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Су деңгейін бақылауды жүзеге асыру мақсатында Ертіс өзенінде тұрақты мониторинг жүргізілуде. Онда 5 тұрақты гидрологиялық пост жұмыс істеуде. Табиғатты қорғау мақсатында су жіберу басталған сәттен тағы 14 уақытша пост әрекет етуде.

Соңғы жаңалықтар