«Ертіс орманы» табиғи резерватының қызметкері заңсыз аң атқаны үшін ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы табиғи резерват аумағында заңсыз бұлан мен елік атып алған 4 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

«1 желтоқсанда шамамен түнгі сағат 02:00-де «Ертіс орманы» мемлекетті́к орман табиғи резерватының» инспекторлары Павлодар облысы Лебяжі аудандық ІІО-ның қызметкерлерімен бірлесе отырып резерватқа қарасты Бесқарағай филиалының Байымбет орманшылығы аумағында «Ниссан Патрол» автокөлігімен заңсыз аң аулаған 4 адамды ұстады. Олардың ішінде «Ертіс орманы» МОТР Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің басшысы болды», делінген хабарламада.

Автокөлікті тексеру барысында осы орманшылық аумағынан заңсыз атылған 1 бұлан мен 1 елік табылды.

Ұсталғандар Павлодар облысы Лебяжі аудандық ІІБ-не жеткізілді. Қазіргі уақытта аудандық полиция қызметкерлері осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу іс-шараларын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар