Ертең шаңғышыларымыз әлем чемпионатында ел намысын қорғайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан шаңғышыларын ертең тағы бір байрақты бәсеке күтіп тұр. Ақпанның 22-сі мен наурыздың 5-сі аралығында Лахтида (Финляндия) шаңғы спортынан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір шаңғымен жүгіруден Қазақстан құрамасы Финляндияда жарысқа қатысуға дайындық үстінде. Бұл додада ерлер арасында Қазақстан намысын 8 спортшы, әйелдер арасында 6 спортшы қорғайды.

Қазақстан құрамасы сапында жарысқа мына спортшылар қатысады:

Ерлер:

Алексей Полторанин
Евгений Величко
Денис Волотка
Виталий Пухкало
Олжас Климин
Даулет Рахимбаев
Иван Люфт
Асет Дүйсенов

Әйелдер:

Анна Стоян
Анна Шевченко
Ольга Мандрика
Ирина Быкова
Валерия Тюленева
Наталья Соколовская

Соңғы жаңалықтар