Ертең елордада Bus lane жобасының 4-ші кезеңін енгізу басталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың көлік инфрақұрылымын жаңарту аясында EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу барысында көлік қызметінің сапасын жоғарылату және Астана қаласының қоғамдық көлік жолаушыларына жағдай жасау мақсатында 29 сәуір - 1 маусым аралығында Bus lane жобасының 4-ші кезеңін енгізу жоспарланған, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Автобустарға арналған жолақтар мына учаскелерде пайда болады:

1)  Республика даңғылында - «Самал» шағын ауданы аялдамасынан Бөгенбай батыр даңғылына дейін;

2)  Ташенов көшесінде - Бараев көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;

3)  Ахмет Байтұрсынұлы көшесінде - Қошқарбаев даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін;

- Ахмет Байтұрсынұлы көшесінде - Сарыкөл көшесінен жаңа Теміржол вокзалына дейін;

4)  Жұмекен Нәжімеденов көшесінде - Ш. Қалдаяқов көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;

- Жұмекен Нәжімеденов көшесінде  -Сарыкөл көшесінен жаңа Теміржол вокзалына дейін;

5)  Сарайшық көшесінде - жолайырықтан Қабанбай батыр даңғылына дейін;

6)  Тәуелсіздік даңғылында - Пушкин көшесінен Момышұлы даңғылына дейін;

7)  Сарыарқа даңғылында - Бөгенбай батыр даңғылынан көпірге дейін;

8)  Тұран даңғылында - көпірден Сығанақ көшесіне дейін;

9)  Қабанбай батыр даңғылында - Сығанақ көшесінен айналма жолайырығына дейін;

10)  Бейбітшілік көшесінде - Есенберлин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін;

11)  Мағжан Жұмабаев даңғылында - Қажымұқан көшесінен Қошқарбаев даңғылына дейін;

12)  Орынбор көшесінде - Ш. Айтматов көшесінен Тұран даңғылына дейін.

Астана учаскелеріндегі қоғамдық көлікке бөлінген жолақтардың жалпы қашықтығы 40,6 км.

Bus lane жобасын енгізу қоғамдық көліктің кептелістерде тұруы, қоғамдық көліктің жүріс кестесінен кешігуі, уақыт аралығы мен жүріс кестесін бұзу, жалпы ағында қоғамдық көлікті басқарудың қиындығы сияқты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Мамандардың тұжырымына сәйкес аталған жаңа енгізілім жүріс кестесін реттеуге, кесте уақытын бұзушылықтар санын төмендетуге, автобус жүргізушілерінің тәртібін жақсартуға, жүріс қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін Bus lane жобасының 3 кезеңі іске асырылды. Үш кезеңді енгізгеннен соң қоғамдық көліктің орташа жылдамдығы 12-15 %-ға артты.

Соңғы жаңалықтар