Ертең Астананың кейбір көшелерінде ыстық су болмайды

None
None
АСТАНА.ҚазИнформ - Астананың кейбір көшелеріндегі ғимараттар есептік температураны сынау үшін ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«2018 жылғы 24 сәуірде ЖЭО-1 контуры бойымен 130 градусқа есептік температураға  сынақ  жүргізіледі. Сынақ кезеңінде кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары нұсқаулыққа сәйкес жұмыс істеуі қажет. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет саласы сияқты адам көп шоғырланған орындарындар жылу жүйесінен ажыратылады»,-деп хабарлайды «Астана-Теплотранзит» АҚ

Сынақ өткізілетін жерлердің аумағына Сарыарқа және Алматы аудандары,  Ағыбай батыр көшесінің шекарасында, Ақбидай, Ақжол, Аспара, Ж.Аймауытов, Ақан сері, Ақсеңгір, Әуезов даңғылы. Абай Байсейітова Бигелдинов, Бейбітшілік Бейсекова, Біржан сал, Бөкейхан, даңғылы. Бөгенбай, Уәлиханов,  Ғабдуллин, Гете, Ғұмар Қараш, Жангелдин, Дүкенұлы, Есенберлин , Желтоқсан, Жетіген, Жеңіс, Затаевич, Игілік, Ирченко, Иманбаева, Иманов, Қарасай батыр, Қарталы, Кенесары Конституция Күмісбеков, Құтпанов, Молдағұлова, Мәскеу, Ойыл, Омаров Өндіріс, Отырар, Потанин, Рамазан, Речная, Рысқұлов д-лы. Республика, Сарыбұлақ, Сейфуллин д-лы, Сарыарқа, Тайбурыл, Тархан, Тілендиев, Торайғыров, Тынышбаев, Чехоев, Шевченко, Шет, Шонаұлы көшелері кіреді.

Соңғы жаңалықтар