Ертең Астанада қаржылық тергеу және ұрланған активтерді қайтару жөніндегі семинар басталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қазанда Астанада қаржылық тергеу және ұрланған активтерді қайтару жөнінде арнайы семинар басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семинарға ҚР Бас Прокурорының орынбасары Андрей Кравченко, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжанов, АҚШ Мемлекеттік хатшысының халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау мәселелері жөніндегі көмекшісі Уильям Браунфилд, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Джордж Крол, БҰҰ Есірткімен және қылмыстылықпен күрес бойынша басқармасының бөлім басшысы (БҰҰ ЕҚБ, Вена) Тофик Муршудлу, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің саяси мәселелер жөніндегі офицері Колин МакКаллау, сонымен қатар қазақстандық аналитиктер, тергеушілер, прокурорлар және қаржылық қылмыстар, сондай-ақ ұрланған активтерді қайтару бойынша тергеумен және сот қудалауымен айналысатын судьялар қатысады.

Семинар қадағалау, тыйым салу және ұрланған активтерді қайтару мүмкіндіктерін арттыру үшін басқа елдердің құзыретті органдарымен ведомствоаралық та, халықаралық та ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Семинар БҰҰ ЕҚБ қаржылық тергеу және ұрланған активтерді қайтару жөніндегі жоба және АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі аясында өткізіледі. Жобаның бас серіктестері ҚР Бас прокуратурасы және Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар