Ертең Алматыда велоспорттан Қазақстан чемпионаты басталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ертең Алматыда велоспорттан Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аталмыш додаға спортшылар республикамыздың барлық аймағынан қатысады, деп күтілуде.

Оның ішінде «Astana Pro Team» велошабандоздары Арман Қамышев, Руслан Тілеубаев, Даннил Фоминых, Артем Захаров және Жандос Бижігітов бар.

Айта кету керек, жарыс Индустриялдық аймақта өтеді. Жанкүйерлерге кіру тегін.

Таңғы сағат 10-нан бастап ерлер мен әйелдер арасында 50 және 25 шақырым, ал жасөспірімдер арасында 25 және 20 шақырым қашықтыққа жарыстар өтеді.

Соңғы жаңалықтар