Ертаев екі вице-министрге не үшін шүйліккенін түсіндіріп берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, генерал Бақытжан Ертаевтың айтуынша, қорғаныс және аэроғарыш вице-миристрлері былай тұрсын жаңа ведомствода әскери теxниканы білетін адамның отырғаны дұрыс, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Мен жаңа министрлікте азаматтық вице-министрлер отырмауы қажет деп жатқан жоқпын. Иә, олар - жас жігіттер, құптаймын. Осы саланы алға қарай сүйресін. Оған дау жоқ. Меніңше, әскери теxникалық комиссиясы деген құрылым бар ғой. Ол теxиканы қабылдайды. Соның ішінде әскери адамның болғаны дұрыс деп есептеймін. Мамандығы бар, дәрежесі бар, әскери салада бір күн емес, талай жыл қызмет еткен жігіттер, тіпті соғыс көргендер де бар бізде. Солар өз кеңестерін беруі керек. Олар өз кеңестерін беріп қана қоймай, жаңадан шығарылған теxниканы сынай алады», - деді генерал Ертаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Айта кетейік, жақында генерал Бақытжан Ертаев пен Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров әскери танктер мен БТР көліктерін шығаратын «Казахстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС барған болатын. Алайда ол шараға жаңа министрліктің өкілдері қатыспады. Сол кезде генерал: "Бүгін мына зауытты көріп жүрміз, бірақ қорғаныс өнеркәсібі саласының мамандарын көріп тұрған жоқпын. Атамқұловтың (Қорғаныс және аэроғарыш министрі Бейбіт Атамқұлов - агенттік) министрлігінде болдым. Бірақ, ол жерде де әскери адам жоқ. Екі вице-министр отыр, екеуі  де әскери адам емес. Бұл не масқара?! Бұлай болмауы керек. Министрлікте тым болмағанда бір вице-министр әскери адам болғаны міндетті.  Әлгі екі вице-министр мына жерге келсе, танк пен БТР-ді ажырата  алмайды да», - деп ашуланды. 

Соңғы жаңалықтар