Ермұхамет Ертісбаев Қазақстанның Беларусьтегі елшісі қызметіне тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Ол Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Ермұхамет Қабидинұлы 1956 жылы Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор.

Жұмыс тәжірибесін 1978 жылы Жезқазған педагогикалық институтының ассистенті болып бастаған. Кеңес Әскері қатарында әскери қызмет өтеді. Ломоносов атындағы ММУ-де машықтанушы-оқытушы болды, сонда аспирантураны бітіріп, диссертация қорғаған.

Саясат тарихы кафедрасының меңгерушісі болды. Бірнеше монографиялар мен жүздеген ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы. 

1990-1994 жылдары - Республика Жоғары Кеңесінің депутаты.

1994-1998 жылдары - Қазақстанның Социалистік партиясы саяси атқару комитетінің хатшысы.

1994-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 

1998-2002 жылдары - Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының директоры.

2000 жылы Мемлекет басшысы Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. 

2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2006 жылы қаңтар айынан бастап ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрі.

2006-2008 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрі. 

2008 жылы мамыр айынан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі.

2013 жылғы сәуірден бері ҚР-дың Грузиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды. 

«Құрмет», «Парасат»» және ІІІ дәрежелі «Сіңірген еңбегі үшін» (Украина) ордендерімен, «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар