Ермекбаев Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында болды. Бұл жайында ҚазАқпарат аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министр орталықтың қызметімен танысып, ұжыммен кездесті. Кездесу аясында ол орталықты одан әрі дамыту жолындағы бірқатар басым бағыттарды атап өтті.

«Орталық жобаларды жүзеге асыру және қаржыландыру процесінің ашықтығын қамтамасыз етуді жалғастыруы қажет. Грантқа ілікпеген ұйымдарға ақпарат беруі тиіс. Ол үшін арнайы алаңдарды ұйымдастырып, грантқа үміткер ұйымдарға өздерінің іске асырған жобаларының нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік беру қажет», - деді Нұрлан Ермекбаев.

Министрдің пайымынша орталық мемлекеттік емес гранттарды беру және грант тағайындайтын шетелдік ұйымдардың қызметін тәжірибе ретінде қарастырып, зерделеуі қажет.

null 

«Демеушілерді және бизнес қоғамдастықты гранттық қаржыландыруды жүзеге асыруға тарту бойынша жұмыстарды жандандыру қажет», - деді министр.

Министр алға қойылған міндеттерді нәтижелі орындау үшін  30-31 қазан күндері Атырау қаласында өтетін «Асар» республикалық үшжақты серіктестік форумына қатысып, соның аясында ұйымдастырылатын ынтымақтастық алаңдарын барынша тиімді пайдалануды ұсынды. 

Өз кезегінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Нұрлан Өтешев орталық қызметінің негізгі бағыттары және атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайында хабардар етті.

Еске сала кетейік, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы 2016 жылдың ақпан айында құрылған болатын. Оның негізгі міндеті - үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар бөлу және олардың орындалу сапасын бақылау. 

null 

Соңғы жаңалықтар