Ермек Аманшаев жаңа әліпби туралы: Бұл - жүйелі жұмыстың нəтижесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімінің орынбасары, филолог Ермек Аманшаев бүгін Елбасы Жарлығымен өзгертілген латын графикасының жаңа нұсқасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Өз пікірінде Аманшаев соңғы нұсқадағы әліпбидің жүйелі жұмыстың нәтижесі болғанын, барлық ұсыныстардың ескерілгенін атап өтті.

«Латын қарпіне көшудің өзі жүйелі жұмыс қой. Оған Қазақстандағы ең белді ғалымдар, тіл мамандары тартылды. Бүгінгі әліпби - жүйелі жұмыстың нәтижесі. Бұған дейінгі нұсқалары да Елбасының тапсырмасымен халықтық талқылауға ұсынылған еді. Жаңа әліпбиге қатысты барлық ұсыныстар ескеріліп жатыр, ескеріледі де. Енді міне, бәріміздің көңіліміз толатын, ең бастысы халқымыздың болашағына қажет, келешегіне ықпал жасайтын әліпбиді көріп отырмыз», - деп пікір білдірді Е. Аманшаев «Астана» концерт залында өткен халыққа есеп беру жиынында.

Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығына өзгеріс енгізді. Осыған сәйкес, латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жаңа редакциясы бекітілді.

Соңғы жаңалықтар