Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -11 °С
Алматы: 8 °С
USD 319.65 EUR 393.33
RUB 5.67 CNY 50.47
Жаңалықтар

Ерлі-зайыпты Храпуновтар тағы да Астанаға тергеуге шақыртылды

2018 жылғы 15 ақпан 19:36 430
Бөлісіңіз:
Ерлі-зайыпты Храпуновтар тағы да Астанаға тергеуге шақыртылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Виктор және Лейла Храпуновтар және олардың туысы Айяр Ильясов Астанаға тергеуге шақырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алматы қаласы мен ШҚО-ның бұрынғы әкімі В.Храпунов, Л.Храпунова және А.Ильясов және тағы басқаларға қатысты қылмыстық істі тексеріп жатыр. Тергеу барысында  аттары аталған адамдар мен олардың сыбайластарының іс-әрекеттерінен заңға қайшы фактілер анықталды», - деп жазылған хабарламада.

ҚР ҚПК 208 бабының 1-бөлігіне сәйкес күдіктілер тергеу жұмыстарына шақырту қағазы арқылы шақырылады.

«Күдіктілер Қазақстан аумағынан тысқары жерде жүріп, шақырудан бой тасалауына байланысты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ҚПК 205- бабының 3-бөлігіне сүйене отырып күдіктілерге шақыру қағазы жіберілгенін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Аттары аталған күдіктілер 2018 жылдың 26 ақпанында сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі 37 мекенжайында орналасқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросындағы жедел-тергеу тобының жетекшісі Сергей Перовқа келуі керек», - деп жазылған хабарламада.

ҚР ҚПК 205-бабының 3-бөлігіне сәйкес, В.Храпунов, Л.Храпунова және А.Ильясов және тағы басқаларға қатысты ескерту Швейцарияның да респубикалық және олардың тұрғылықты жерлеріндегі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат