Ерлан Сағадиев ҰБТ-ның басталуына орай пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің басталуына орай пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы, тестілеу өте жақсы тапсырылып жатыр. Қазақстан тарихы бойынша тестілеуден өтіп жатқандардың тек төрт пайызы ғана базалық деңгейден өтпей қалды. Сондықтан да барлық жақсы болады деп ойлаймын. Осы орайда талапкерлердің барынша көп үлесі ЖОО-ларға түсіп, жоғары білім алуын қалаймыз»,-деді министр тілшілерге берген сұхбатында.

Дегенмен, Ерлан Сағадиев ҰБТ бойынша болжам жасаған жоқ.

«Қазір қандай нәтиже болатынын айту қиындау, алайда барлығы оқуға түседі деп пайымдаймын (...) Ең бастысы - барлығы тыныш әрі қалыпты жағдайда өтіп, мектеп оқушылары аттестацияны еңсергені маңызды»,-деді ведомство басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, «Алтын белгіге» үміткерлердің 93 пайызы өз білімдерін дәлелдеді. «Егер де адам өмір бойы жақсы оқыса, онда ол бұл белгіге лайықты»,-деп түйіндеді сөзін министр.

Соңғы жаңалықтар