Ерлан Сағадиев: Грантқа ілікпеген «Алтын белгі» иегерлерінің проблемасын шешеміз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Мемлекеттік грантқа ілікпен «Алтын белгі» иегерлерінің проблемасын шешеміз. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өтіп жатқан «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық  реттеу перспективалар» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау барысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев  айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы жылы жоғары оқу орындарына 36 500 грант бөлінді. Республикалық комиссия грант бөлу мәселесін жан-жақты қарап, қосымша 1 500 грант бөлді. Биыл комиссияның жұмысына ата-аналар қатысып, тестілеу орталығына барып, гранттарды бөлетін компьютер қалай жұмыс істейтіндігін, бағдарламаның қалай жұмыс істейтіндігін түсінді. Олар осы процестің ашықтығы мен әділдігіне көз жеткізді. Кейін олар өз пікірлерін баспасөзде ашық айтты.  Әрине, биыл осы мәселеге байланысты бірнеше шешім қабылдау керек. Ең алдымен әр мамандыққа квота беру процесін өзгерту қажет болып тұр», - деді Ерлан Сағадиев.

Мәселен, оның айтуынша, жалпы медицинаға 3 мың грант берілсе, стоматологияға 45  грант қана беріледі. Педагогикаға «Серпін» бағдарламасын қоса алғанда 8 мың грант  берілсе, экономикаға тек қана 46  грант бөлінеді.

«Әрине, экономикаға түсетін балалар 135  баллмен түсе алмайды. Ал педагогикаға барған балалар 65  баллмен өтіп кетеді. Бұл мәселе қоғамда жыл сайын наразылықты көбейтіп отыр. Оны көріп те отырмыз. Әрине, «Алтын белгі» алғандардың мәселесін шешу керек. Ол жұмыстарға қазіргі уақытта кірістік», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар