Ерлан Қошанов Жезқазғанда жол жөндеуді сапасыз жүргізген мердігерлерге шүйлікті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ерлан Қошанов өзінің орынбасарлары мен басқарма басшыларына жол сапасын қатаң бақылауға алуды тапсырды, ал алақол мердігерлерді қара тізімге жіберетінін айтты, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты .

Жезқазғанның алдағы үш жылға даму жоспары шеңберінде жолдар мен көліктерге шамамен 8 млрд  теңге бөлінбек. Биылғы жылы мұнда жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге жұмыстар жүргізіледі. Олардың қатарына жол қабатын, жол өтпелерін ағымдық және орташа жөндеуден өткізу, теміржол саласын, авиабаланысты дамыту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету енеді. Қарағанды-Жезқазған бағытындағы республикалық маңызы бар жолда жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеге 156 шақырым жөндеуден өткізілуде. Облыстық маңызы бар Жезқазған және Сәтбаев қалалары арасындағы, әуежайға апаратын жолдарда орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда, жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар облыстық бюджет трансферттері есебінен Жезқазғанның негізгі орталық №5, №6 жол өтпелерінің 14 шақырымы орташа жөндеуден өткізіліп жатыр. Сонымен қатар 9 орамаралық жолдар қала бюджеті есебінен жөнделуде. 

Аймақ басшысы кей учаскілердегі жөндеу жұмыстарын өз көзімен көріп қайтты. Қарағанды облысының әкімі назарына «Қарағандыжолзертхана» КММ-нің мобильді зертханасы ұсынылды. Бұл техника өткен жылы 75 млн теңгеге сатып алынған. Аталмыш зертхананың артықшылығы - үлгілер нәтижесін алудағы жеделдік әрі зерттеме қорытындыларының дәлдігі. 
Әкім 6 жол учаскілерінде тендер ұтып алған «КазТрансЭнерго» мердігер ұйымның жұмысына наразылығын білдірді. Ерлан Қошанов өзінің орынбасарларына, басқарма басшыларына және Жезқазған қаласының әкіміне жасалып жатқан жұмыстарды қатаң бақылауға алуды тапсырды. 
- Тағы бір мәрте материалдардың сапасын тексеріңіздер, - деп тапсырды облыс әкімі. "Менің білуімше, бұл мекеме 6 мың шаршы метр аумақты қайта жөндеуге мәжбүрленген. Қажет болса қайта жөндесін. Асфальттың үлгісін алыңыздар. Сонан соң кеш болмасын. Ол үлгілерді Алматыға, тәуелсіз зертханаларға жіберіңіздер. Қатаң бақылау қажет".

Соңғы жаңалықтар