Ерлан Қошанов жергілікті әкімдерден жиірек жаяу жүрулерін талап етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов бизнес нысандарының аумақтарын жөнге келтіруді тапсырды. Аймақ басшысы жергілікті әкімдер жағдайды өз жұмыс орындарының терезелерінен немесе көліктерінің ішінде отырып бақыламай, жиірек жаяу аралап шығуды талап етті. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бизнес нысандары аумақтарының басым бөлігі көңіл толтырмайды. Ешкім бұл мәселемен айналыспайды, - деп аппараттық жиналыста Ерлан Қошанов қызметкерлерге өзінің наразылығын білдірді. - Әкімдер, өз қызметкерлеріңізбен бірге қаланы аралып шығыңыздар».

Ол мысал ретінде Қарағанды қаласындағы City Mall сауда - ойын-сауық орталығын келтірді. «Келіссөзден соң орталық иелері абаттандыру жобасын құрды, келесі аптады оны ортаға салуды жоспарлап отыр. Жоба құпталған бетте жұмыстарын бастайды. Міне, дәл осылай әрбір нысан бойынша жеке жұмыс жасау керек», - деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы қала және аудан әкімдеріне кәсіпкерлер палатасымен бірігіп, шағын және орта бизнес нысандарының маңайында абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды. 
Ерлан Қошанов сонымен қатар адамдардың қауіпсіздігі туралы тапсырмасын да еске алды. «Теміртау қаласындағы стадионның маңындағы балалар алаңқайының жаңдайы тіпті нашар. Ал оның құрылысына 300 млн теңге жұмсалаған болатын», - деді облыс әкімі қала әкіміне қарата айтқан сөзінде.

 

Соңғы жаңалықтар