Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Ерлан Қошанов мүгедектердің жағдайын жасауда пандустармен шектелмеуге шақырды

Ерлан Қошанов мүгедектердің жағдайын жасауда пандустармен шектелмеуге шақырды
2017 жылғы 20 маусым 07:18 970

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын пандустармен шектелмей, жүйелі түрде жақсартуды талап етті. Аймақ басшысы бұл жұмыстарды өзі қадағалайтын болады. Бұл туралы ол мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласы бойынша өткен үйлестіру кеңесінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аймақта 60 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тұрады, бұл аймақ тұрғындарының жалпы санының 4,4 %-ы. Мүгедек балалар саны 4 мыңнан асады. 

Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша аймақтық шаралар жоспары жүзеге асырылуда. 2017 жылы облыстық бюджеттен мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетуге 631,9 млн теңге бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда қаржы сомасы екі есеге ұлғайды. Аталмыш қаражат мүгедектер арбасын, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдарды сатып алуға, протездеу бойынша медициналық қызметтерді және протезді-ортопедиялық өнімдерді сатып алуға, мүгедектер үшін санаторлық-курорттық жолдамаларды сатып алуға жұмсалады. 

Бұған қоса мүгедектерді әлеуметтік қорғауға байланысты республикалық бюджеттен 610,6 млн. теңге көлемінде мақсатты трансферттер қарастырылған. 
Үйлестіру кеңесінде мүгедектер үшін қолжетімді ортаның жағдайы талқыланды. Жиналыс барысында бірқатар басқармалардың жетекшілері, Қарағанды қаласы мен Бұқар Жырау ауданының әкімдері баяндама жасады. 

Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі жандардың ыңғайы үшін  жолаушылар тасымалдайтын 21 автобус арнайы жабдықталған. Мүгедектерді тегін тасымалдайтын 33 инватакси жұмыс істейді. 

Дегенмен, мүгедектер қоғамдық қорларының өкілдері инфрақұрылымның жоқтығын айтып, шағымданды. 

«Ең басты проблема - қолжетімді қоршаған орта құру. Қайта қалпына келтіру техникалық жабдықтарымен бізді қамтамасыз етеді. Қарағандылықтар үшін сатып алынатын мүгедектер арбасына, тіпті Астанада да қызығады. Алайда біз қала ішінде жүріп-тұруымыз керек қой. Біз пандустар туралы айтып отырмыз. Сонымен қатар құлағы нашар еститін, көзі нашар көретін мүгедектер де бар. Олар үшін нысандар бейімделмеген», - дейді «Лайықты өмір» мүгедектерді қайта қалпына келтіру орталығы» ҚҚ төрағасы Александр Ивкин. 

Жиналыс барысында сондай-ақ қала жолдары арбада отырған мүгедектер үшін бейімделмегені туралы сөз қозғалды. Ал теміржол вокзалында көтергіш құралдар жоқ. Сонымен қатар полиция қызметкерлері мүгедектерге арналған көлік қою орындарына басқалар көліктерін қоймауын қатаңырақ қадағаласа екен деген тағы бір өтініші айтылды. Қарағанды қаласындағы 90 мың адамға қызмет көрсететін емханада мүгедектерді жоғары қабаттарға көтеретін құрылғылар жоқ.

Сонымен бірге жиналыс барысында инклюзивті білім мәселесі де талқыланды. 

Әкімдіктен хабарлағандай, Ерлан Қошанов Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының есебін қанағаттанарлықсыз деп қабылдады. 

«Пандустар - ең маңызды мәселе емес. Біз оны бірінші кезекте жасауымыз керек. Ең бастысы - өмір сапасын жақсарту, - деп қадап айтты облыс әкімі. - Баяндама таза шенеунік тұрғысынан жасалған, мейірімсіз. Жағдайдың ешқандай сараптамасын естіген жоқпын. Бізде қандай проблемаларды шешу керектігі де айтылмады. Ол жайында жиналысқа келген қонақтарымыз ғана айтты. Қабылдамаймын мына есептеріңізді».

Аймақ басшысы мүгедектер қоғамдық қорларының өкілдеріне ашық әңгіме үшін алғыс айтты.

«Қазір міне, біздің көшелерімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды сирек кездестіруге болатыны туралы айтылды. Себебі ол адамдарға үйлерінен шығу қиын. Біз барлығымыз шет елдерде боламыз, ол жерде басқа көрініс. Ол жақтағы мүгедектер ешқандай таршылық көрмейді, қоғамдық ортада өздерін бос ұстап, барлық адамдармен тең жағдайда болады. Бізге сондай жағдайға ұмтылу керек, - деді Ерлан Қошанов. - Біз осы жерде айтылған әрбір мәселеге нақты тоқталып, жүйелі жұмыс құруымыз керек. Әдетте үйлестіру кеңесін менің орынбасарым өткізетін. Енді әр жиналысты мен өзім өткіземін. Атқарылып жатқан жұмыстарды өзім бақылайтын боламын».

 

 

 

Басты сөздер: Қарағанды облысы, Әлеуметтік қолдау,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер